Олимпиадаға іріктеу: Еркін күрестен Қайпанов пен Батырмұрзаев жартылай финалға шықты

Олимпиадаға іріктеу: Еркін күрестен Қайпанов пен Батырмұрзаев жартылай финалға шықты
Күрес

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде екі спортшымыз жартылай финалға жетті, деп жазады Bassport.kz. 

Еркін күрестен 74 келі салмақта белдескен Нұрғожа Қайпанов екі белдесуін де мерзімінен бұрын аяқтады. Бірінші айналымда Филиппин, екінші кезеңде Пәкістан балуандарын жеңді. 

125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев Пәкістан және Қырғызстан балуандарын ұтты. 

Өкінішке қарай, 57 келідегі Ерасыл Мұхтарұлы бірінші кезеңде жеңіліс тапты.