Әлем чемпионатының жүлдегерін жеңген қазақ баласы финалға өте алмады

Әлем чемпионатының жүлдегерін жеңген қазақ баласы финалға өте алмады
Күрес

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен бес салмақта жеңімпаздар анықталады.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Ғалым Қабдунассаров турнирдің жартылай финалында жапониялық Кайито Инабаға 4:8 есебімен жол берді.

72 келі салмақта сынға түскен Әділхан Сатаев финал жолдамасы үшін айқаста ирандық Мұхаммедриза Ростамиден 0:10 есебімен, мерзімінен бұрын жеңілді.

Аталған балуандар Бішкектегі Азия біріншілігінің қола жүлдесіне таласады.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.

Кешегі жарыс күнінде Ержет Жарлықасын (63 келі) чемпион атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс, Ибрагим Магомадов (77 келі) қола жүлде жеңіп алды.