Фабио Капелло "Миланның" жаңа бапкеріне кімді ұсынғысы келетінін айтты

Getty Images
«Миланның» бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло «россонеридің» жаңа бас жаттықтырушысы лауазымына үміткерлер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Барлығы белгісіз жағдайда тұрған сияқты. Мен Аллегри туралы оқыдым, ол Конте кетсе, "Наполиге" жақын сияқты. Итальяно жайлы да жазылды, ол "Болоньяда" қалуы мүмкін. Сырт көзбен қарағанда нақты жоспардың жоқтығы байқалады. Егер Конте қолжетімсіз болса және сіз Аллегриді өзге клубтарға жіберіп қойсаңыз, мен көкжиектен лайықты басқа есімдерді көріп тұрған жоқпын. Сондықтан ертерек әрекет ету, нақты идеялардың болуы және шешім қабылдау өте маңызды еді.
Егер бұған дейін аталған есімдерді есепке алмасақ және жаңа профильге назар аударатын болсақ, мен Фабрегасты таңдар едім. Маған оның футболы ұнайды, ол "Комода" қызықты нәрселер көрсетіп жүр. Менің ойымша, ол бұл деңгейге дайын. Фабрегас А сериясындағы клубпен жақсы жұмыс істей алатынын көрсетті», – дейді Капеллоның сөзін Football Italia келтіреді.