«Астана» мен «Жеңіс» жанкүйерлерінің төбелесі сотқа жетті

Видеодан кадр
Қазақстан кубогының ширек финалындағы «Астана» мен «Жеңіс» арасындағы матчтан кейін Астана Арена маңында қос клубтың жанкүйерлері арасында төбелес болды, деп хабарлайды Bassport.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бойынша азамат Д.-ға қатысты іс сотта қаралды. Сотта анықталғандай, ол қоғамдық орында тәртіп бұзып, төбелеске қатысқан. Төбелес қос астаналық клубтың жанкүйерлері арасында орын алған. Сот отырысында Д. өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Оның айтуынша, қақтығыс маска киген бір топ адамның арандатуынан басталған — олар қарсы клубтың фанаттары болуы мүмкін.
Сот азамат Д.-ға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Қаулыда оның әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, қоғамға құрметсіздік ретінде бағаланғаны атап өтілген.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.