Рауль мадридтік "Реалдан" кетті

Чемпиондар лигасының Х желісінен
Мадридтік «Реалдың» баспасөз қызметі команда бұрынғы ойыншысы Раульдің жастар командасының бапкері қызметінен кету жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады. Испаниялық маман бапкерлік мансабын қайда жалғастыратыны әзірге белгісіз.
«Клуб тарихындағы және әлемдік футболдағы ұлы аңыздардың бірі болған Раульдің біздің жастар командасына бапкерлік етуі — «Реал» үшін үлкен мақтаныш. Рауль — «Реалдың» барлық құндылықтарының жарқын үлгісі. Ол бұл құндылықтарды жас ойыншыларға тәлімгер ретінде жеткізе білді. Рауль әрдайым «Реал» жанкүйерлерінің жүрегінде қала береді, ал «Реал» әрқашан оның үйі болып қалады.
Раульге және оның отбасына өмірінің жаңа кезеңінде тек сәттілік тілейміз», — делінген «Реалдың» ресми сайтындағы хабарламада.