Қазақстан Футбол Федерациясы жанкүйерлерге арналған жаңа цифрлық жобаларды таныстырды

Қазақстан Футбол Федерациясы жанкүйерлерге арналған жаңа цифрлық жобаларды таныстырды
Футбол

kff.kz

Бүгіннен бастап Yandex Qazaqstan Қазақстан футбол федерациясының, Қазақстан Премьер-Лигасының және ұлттық құраманың ресми серіктесі атанды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Енді жанкүйерлер «Кинопоиск» платформасынан Қазақстан Премьер-Лигасы мен Қазақстан Кубогының ойындарын тамашалай алады. Сондай-ақ әр турда ҚФФ мен «Кинопоиск» жанкүйерлерге арналған арнайы эксклюзивті опциялары бар ойын турын таңдайды. Бұл өз кезегінде қазақстандық футбол аудиториясын арттыруға мүмкіндік береді.

«Яндекс Іздеу» жүйесі арқылы ойын нәтижелерін, кесте, ойыншылар құрамы және өзге де маңызды ақпараттарды оңай бақылауға болады.

Бұдан бөлек, ҚФФ мен Yandex Qazaqstan қалалық сервистер арасында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте стадиондарға арнайы көлік қою, жанкүйерлерге арналған инфрақұрылымды дамыту сынды мәселелер қарастырылып жатыр.

«Цифрлық сервистермен серіктестік құру біз үшін футболды танымал етуге, жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл әріптестік қазақстандық футболға деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтеретініне сеніміміз мол», – деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория.

«Қазақстан футболының ойындарын көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Біздің технологиялар мен сервистер азаматтардың футболға деген қызығушылығын арттыруға қызмет ететініне қуаныштымыз. Жанкүйерлерге билет сатып алып, ойын көріп, тіпті стадионға тамаққа тапсырыс беруге болатын тұтас инфрақұрылым қалыптастыруға тырысамыз. «Кинопоиск» платформасының спорт бөлімі трансляциялар мен қосымша контент желісін белсенді түрде кеңейтіп жатыр», – деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.