Әртістік жүзу: Қазақстан командасы Қытайда тарихи нәтиже тіркеп жатыр

Әртістік жүзу: Қазақстан командасы Қытайда тарихи нәтиже тіркеп жатыр
Жүзу

Қытайда өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Эудард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады.

Бұл сында бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол беріп, қола медаль жеңіп алды. Біздің құрама 208.6020 ұпай еншілеген.

Бүгін 17 жастағы Виктор Друзин жекелей сында қола жүлдегер атанды. Ол Италия және Испания спортшыларына есе жіберген. 

Айта кетелік, әртістік жүзуден Қазақстан командасы бұған дейін әлем кубогінде мұндай нәтиже көрсеткен емес.