“Манчестер Сити” ойыншысы Хусановпен қалай тілдесетінін айтты
Футбол
Әлеуметтік желі
“Манчестер Сити” қорғаушысы Мануэль Аканджи командаға жаңадан қосылған Абдукодир Хусанов туралы пікірін білдіріп, онымен қай тілде сөйлесетінін айтып өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Ол ағылшын тілін француз тілінен жақсы түсінетінін айтты, сондықтан мен онымен ағылшынша сөйлесемін. Ол ағылшын тілін жақсартады – бұл орталық қорғаушылар үшін өте маңызды. Қазір ол көп нәрсені түсінеді, бірақ өз ойын толық жеткізе алмайды. Жақын арада бұл өзгеретініне сенімдімін”, – деп келтіреді Аканджидің сөзін City Report әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, “Манчестер Сити” жуырда ғана “Ланс” командасынан Өзбекстан құрамасының 20 жастағы қорғаушысын сатып алды. Хусанов ағылшын клубы сапында алғашқы ойынын өткізіп үлгерді, бірақ дебюті сәтсіз аяқталды.