Ресми: Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Ресми: Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футбол

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) хабарлауынша, Станислав Черчесовпен еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Сондай-ақ, ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы да толық құрамда қызметтен кеткені белгілі болды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусым айында қабылдаған болатын. Оның басшылығымен команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегиямен тең ойнап, 1 ғана ұпай жинады.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр, – делінген ҚФФ мәлімдемесінде.