Футзалдан Қазақстан командасы Қырғызстанды бір доп айырмасымен жеңді

Футзалдан Қазақстан командасы Қырғызстанды бір доп айырмасымен жеңді
Футзал

Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы бақылау ойынын өткізді. Кездесу «Тараз Арена» спорт кешенінде жабық режимде өтті.

Ойын қазақстандықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиуллин пен Батырхан Кенжеғали гол соқты.

Қонақтар сапынан Кайрат Кубанычев дубль авторы атанды.

7 және 9 сәуір күндері Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан – Қырғызстан – 3:2 (1:1)

Голдар: Есенаманов 11, Валиуллин 39, Кенжеғали 40 – Кубанычев 2, 23