Айкидо бапкері Мәскеудегі қанды терактіден отбасымен бірге көз жұмды

Айкидо бапкері Мәскеудегі қанды терактіден отбасымен бірге көз жұмды
Басқа

Ресейдегі қанды теракт кезінде айкидо бапкері Ярослав Содрицов отбасымен бірге қаза тапты. Бұл ақпаратты Айкидо федерациясының вице-президенті Наталья Руднева растады, деп жазады Bassport.kz. 

Бұған дейін Содрицовтың отбасымен бірге теракт кезінде концерт залында болғаны хабарланған. Қайғылы оқиғадан соң ол байланысқа шықпады.

Дүйсенбіде Содрицов пен жұбайы және екі баласының қайтыс болғаны туралы ресми мәлімет тарады. 

Айта кетелік, "Крокус Сити Холлда" болған қанды терактіден қаза тапқандар саны 139 адамға жетті.

Қанды оқиға 22 наурыз күні "Пикник" тобының концерті алдында болған.