БАҚ: Арина Сабаленканың сүйіктісі өзіне қол жұмсап, көз жұмған

БАҚ: Арина Сабаленканың сүйіктісі өзіне қол жұмсап, көз жұмған
Басқа

Әлемнің екінші ракеткасы, танымал теннисші Арина Сабаленканың сүйіктісі Константин Кольцов өзіне қол жұмсап қайтыс болуы мүмкін. Мұндай мәліметті Майами полициясы таратты, деп жазады Bassport.kz.

Белгілі хоккейші, Беларусь құрамында көзге түскен Константин Кольцов 43 жасқа қараған шағында АҚШ-та қайтыс болды. 

Бүгін хоккейшінің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар тарады. 

Айта кетелік, Сабаленка мен Кольцов 2021 жылдан бері бірге. 17 жас айырмашылығы олардың махаббатына еш кедергі болмаған.