Ұлттық баскетбол қауымдастығында сирек кездесетін жағдай болды

Ұлттық баскетбол қауымдастығында сирек кездесетін жағдай болды
Баскетбол

Ұлттық баскетбол қауымдастығында соңғы сегіз жылда болмаған оқиға болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бүгін Ұлттық баскетбол қауымдастығының тұрақты чемпионатының кезекті матчында "Нью-Йорк Никс" "Филадельфия Сиксерспен" ойнады. Кездесуде  79:73 есебімен "Сисксерс" жеңіске жетті.

Бұл нәтиженің бір қызығы, екі команда да кездесуде 80-нен астам ұпай жинай алмады. Соңғы рет Ұлттық баскетбол қауымдастығында мұндай жағдай 2016 жылдың қаңтарында "Миннесота Тимбервулвс" пен "Денвер Наггетс" арасындағы ойында болған еді. Сол кездесу  78: 74 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, бүгінгі матчта "Нью-Йорк" ойыншылары өз соққыларының 32,5%, ал "Филадельфия" 38,8% жүзеге асыра алды.