Лицензиялық турнирде жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер өтпейді – Айтжанов

Лицензиялық турнирде жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер өтпейді – Айтжанов
Бокс

ҚР ҰОК

Италияның Бусто-Арсицио қаласында Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан халықаралық турнирде жартылай финалдық бәсекелер мен финалдық жекпе-жектер өтпейді. Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне сұхбат берген бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.

Биылғы бұл турнир бұрынғы бәсекелерден өзгешелігімен есте қалайын деп тұр. Боксшылар алтын, күміс жүлде үшін шаршы алаңға шықпайды. Себебі аталған турнирде боксшылар Олимпиада жолдамасына таласып жатыр. Ереже бойынша әр салмақтан жартылай финалға жеткен 4 боксшы сол жолдаманы қанжығасына байлайды. Жолдама жеңіп алған соң ары қарай жекпе-жек болмайды. Бұл да дұрыс шешім болар. Сондықтан боксшыларымыз ширек финалдан сүрінбей өтсе болды, жолдамаға қол жеткізеді. Ары қарай шаршы алаңға шықпайды, - деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатыр. Аталған турнирде Қазақстан құрамасы сапында ерлерден 6 боксшы, әйелдерден 5 боксшы сынға түсіп жатыр.

Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдаманы сарапқа салады.

3 наурызда басталған турнир болатын 12 наурызда мәресіне жетеді.