Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Күрес

ҚР ҰОК

10-14 наурыз күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

20 жасқа дейінгі спортшылар арасында ұйымдастырылатын жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бельгия, Әзербайжан, Украина, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Ресей өкілдері қатысады.

Грек-рим күресінен өтетін турнирде он салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Айта кетелік, балуандар бәсекесі Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.