Жанбота Алдабергенова Алматыдағы әлем кубогына қатыспайтын болды

Жанбота Алдабергенова Алматыдағы әлем кубогына қатыспайтын болды
Қысқы спорт

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы әлем кубогі кезеңіне құрама үздігі Жанбота Алдабергенова қатыса алмайды, деп жазады Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz.

Бұл туралы команда бас бапкері Бағлан Іңкәрбек хабарлады.

«Жанбота еліміздегі шаңғы акробатикасын өрге сүйреп, тіпті, осы спорт түрін халыққа танытып жүрген спортшы. Әлем кубогынде талай рет жүлдеге ілігіп, Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетті. Ол әлі де командаға көмектеседі, тек, осы жолғы жарыстан шет қалып тұр. Қытайдағы жаттығу жиынында жарақат алып қалды. Одан әрі асқындырып алмау үшін Алматыдағы турнирге қатыстырмауды жөн көрдік. Жарақатынан құлан-таза айыққан соң, қатарға қосылады. Биылғы маусымда ол Еуропа кубогында екі рет, әлем кубогынде бір рет жүлдегер атанды», - дейді Іңкәрбек.

Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері.