Мақсат Әмірханов - «Оқжетпес» ойыншысы

Мақсат Әмірханов - «Оқжетпес» ойыншысы
Футбол

«Оқжетпес» ФК

Мақсат Әмірханов Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мақсат футболдағы мансабын 2010 жылы «Тараз» командасында бастаған. Сондай-ақ «Ертіс» және «Жетысу» командалардың сапында өнер көрсеткен.

Осы уақытқа дейiн Қазақстан Премьер-лигасында 239 ойын өткізіп, 5 голдың авторы атанды және 12 нәтижелi пас берген.