Василий Левит Астана қаласы спорт басқармасының басшысы атанды

Василий Левит Астана қаласы спорт басқармасының басшысы атанды
Бокс

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Левит Василий Алексеевич тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Василий Алексеевич Левит 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Левит – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.