Жүзуден Азия чемпионаты: Қазақстан бір күнде сегіз алтын жеңіп алды

Жүзуден Азия чемпионаты: Қазақстан бір күнде сегіз алтын жеңіп алды
Жүзу

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан командасы 8 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Bassport.kz. 

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин, 100 м баттерфляй - алтын

Аделаида Пчелинцева , 50 м брасс - алтын

Софья Сподаренко, 100 м баттерфляй - алтын

Диана Тасжанова, 1500 м еркін әдіс - күміс

Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов, 50 м брасс - алтын

София Абубакирова, 50 м еркін әдіс - алтын

Максим Сказобцов, 100 м баттерфляй - алтын

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов), эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын

Даниил Черепанов, 50 м еркін әдіс - күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, тұғырдан қатар секіру - алтын

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс пен 4 қола).