«Арлан» мен «Бейбарыс» кездесуі Қазақстан чемпионатындағы ең ұзақ матчтардың бірі болды
Хоккей
shaiba.kz
Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің ширек финалдық ойындарының төртінші матчында «Арлан» овертаймда «Бейбарысты» 4:3 есебімен жеңді. Бұл туралы Shaiba.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Көкшетау клубының қорғаушысы Иван Степаненко жеңіс шайбасын ойынның 112-минутында салды. Осылайша 111 минут 9 секундқа созылған бұл матч Қазақстан чемпионаты плей-оффында ұзақтығы жағынан үшінші болды.
Тарихтағы ең ұзақ бес матч:
1. «Бейбарыс» — «Номад», 2018 жылғы 22 наурыз — 129:16;
2. «Номад» — «Сарыарка», 2021 жылғы 3 сәуір — 125:47;
3. «Бейбарыс» — «Арлан», 2024 жылғы 26 ақпан — 111:09;
4. «Ертіс» — «Номад», 2017 жылғы 4 сәуір — 108:58;
5. «Бейбарыс» — «Номад» — 107:57.