ҚПЛ: «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпестен» басым түсті
Футбол
«Ақтөбе» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпесті»
2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Алаң иелері кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ басымдыққа ие болды. 5-минутта Яни Атанасов есеп ашса, 22-минутта Темірлан Ерланов есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Бірінші таймның аяқталар тұсында қонақтар сапынан Шахбоз Умаров мергендік танытып, доп айырмасын қысқартты.
Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Ақтөбе» маңызды үш ұпайға ие болып, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 3-орынға көтерілді.