Қазақстандық боксшы 43 рет жеңіске жеткен былғары қолғап шеберімен кездеседі

Қазақстандық боксшы 43 рет жеңіске жеткен былғары қолғап шеберімен кездеседі
Бокс

Ауыр салмақта өнер көрсететін Еділ Қожамбердиев (12-2, 12 КО) өзінің келесі кездесуін 1 наурызда Алматыда өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

BoxRec.com мәліметінше, отандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы – индонезиялық Александер Баджава (43-13-4, 16 КО). Кездесу сегіз раундқа есептелген.

Бұған дейін Еділ Қожамбердиев бұған дейін шаршы алаңға 30 сәуірде Ыстамбұлда шықты. Ол кезде жерлесіміз үндістандық Кулдип Сингхті (9-6-1, 6 КО) жеңген болатын.