«Барыс» өз айдынында «Сибирьді» қабылдайды

«Барыс» өз айдынында «Сибирьді» қабылдайды
Хоккей

vseprosport.ru

«Барыс» 2023/24 маусымды өз айдынында «Сибирьге» қарсы ойынмен аяқтайды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өткен турда новосібірлік команда Уфада 2:1 есебімен «Салават Юлаевты» жеңді. Никита Коротков пен өзінің маусымдағы 27-шайбасын соққан команданың үздік cұрмергені Энди Андреофф көзге түсті.

Маусымның 67 ойынында «Сибирь» 67 ұпай олжалағанымен, «Барыс» секілді бұл ұжым да плей-офф кезеңіне өте алмады.

Астаналық хоккейшілер сенбі күнгі матчта тағы сәтсіздікке ұшырап, өз айдынында «Ладаға» есе жіберді (1:4). Тольятти клубы қақпасына соғылған жалғыз шайба авторы - «Барыстың» үздік сұрмергені Понтус Оберг (17+20). Андрей Шутов өз қақпасына бағытталған 22 соққының 18-ін қайтарды. Даниил Апальков ҚХЛ-дағы 550-матчын өткізді.

Бүгінде Олег Болякин шәкірттері 67 ойында 48 ұпай олжалады. Қазақстандық ұжымның жарақат алғандар тізімінде Алекс Грант, Кирилл Савицкий мен Егор Шалапов бар.

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» КҚ