«Тобыл» Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды

«Тобыл» Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды
Футбол

"Тобыл" ФК

Қазақстан Суперкубогының финалында Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен Қостанайдың «Тобыл» клубы кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Клубтар алаңға мына құраммен шықты:

«Ордабасы»: Шайзада, Режиналду, Пластун, Малый, Ерланов, Шехович, Цвек, Тағыберген, Макаренко, Умаров, Яхшибоев;

«Тобыл»: Покатилов, Асранқұлов, Габараев, Иванович, Миладинович, Ндиайе, Чесноков, Шахов, Эль-Мессауди, Энен, Эссьен.

Командалар Антальядағы «Титаник Мардан» клубында өзара кім мықтыны анықтады. Ал жеңімпаз пенальти сериясында анықталды - 5:4.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ал пенальти сериясында қостанайлықтардың жолы болды. Осылайша «Тобыл» Суперкубок жеңімпазы атанып, 25 млн теңгеге иелік етті.

«Ордабасы» — «Тобол» 1:1 (1:0), пен. 4:5

Голдар: Макаренко 45+1 (1:0), Миладинович 65 (1:1).