Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Challenge Cup турнирінде турнирінде топ жарды

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Challenge Cup турнирінде  турнирінде топ жарды
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп жазады Bassport.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысыНидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды.

Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан болатын. Бүгін еркін бағдарламада жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл.

Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде.

Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.