Тарихта тұңғыш рет: қазақ қызы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Тарихта тұңғыш рет: қазақ қызы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Сали Сабиров

Шорт-трекші Алина Ажғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.

Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі. 

Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын.