Альберт Ақабалықов «Газпром-Югра» командасына ауысты

Альберт Ақабалықов «Газпром-Югра» командасына ауысты
Футзал

kazfootball.kz

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықовтың ресейлік «Газпром-Югра» командасына ауысқанын жариялады. Бұл туралы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Ресейлік клуб 29 жастағы ойыншыны жарты жылға жалға алған. Ақбалықов 2019 жылдан бері "Қайрат" футзал командасында өнер көрсеткен еді. Алматылық клуб сапында ол төрт рет ел чемпионатын және Қазақстан Кубогын, сонымен қатар төрт мәрте еліміздің Суперкубогын жеңіп алған.