Таңғы асқа жеуге болмайтын тағам түрлері анықталды
Көңіл күйіңіз, күніңіздің қалай өтуі таңғы асқа да байланысты екенін ұмытпаңыз. Сондықтан оянған соң не жеу керектігіне және, керісінше, неден бас тарту керектігіне мән беріңіз. Одан қалды кейбір тағамның түрлерін аш қарынға жейтін болса, ол асқазан-ішек ауруын тудыруы мүмкін. Сондықтан төменде аталған тағамдарды таңғы асқа жемеуге кеңес береміз.
Кофе. Аш қарынға кофе ішу әдеті екінші типті қант диабетінің пайда болуына алып келеді.
Құрма. Бұл жемістің құрамында көп мөлшерде пектин мен илік қышқылы бар. Ол асқазан сөлімен байланысқанда гель тектес затқа айналады. Сөйтіп, асқазан тасының пайда болуына, сондай-ақ ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Тәттілер. Ұйқы безі бірден таңғы асқа жеген тәтті тағамдарды қорытуы үшін инсулиннің қажетті мөлшерін бөле алмайды. Бұл қандағы қанттың тез көтерілуіне ықпал етеді.
Йогурт. Аш қарынға йогурт жеп немесе айран ішетін болсаңыз, осы өнімдердің құрамындағы пайдалы бактериялар бірден жойылып, асқазанға жетпей қалады.
Ет. Етті таңертең жеу асқазанға тым ауырлық түсіреді. Себебі оны қорыту үшін көп энергияны жұмсау қажет.
Банан. Бұл жеміс калий мен магнийге бай, оны аш қарынға жеген кезде тез сіңіп кетеді. Нәтижесінде денедегі калий-магний байланысын бұза отырып, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына ауыртпашылық түсіреді.
Қияр. Таңертең ағзаға түскен қиярдың құрамына кіретін қышқылдарды ыдырату үшін асқазан сөлінің жеткілікті мөлшері бөлінбейді. Сол себепті де ол көкөніс ұзақ уақыт бойы қорытылады.
Цитрусты жемістер. Цитрусты жеміс шырынын ішпестен бұрын сұлы жармасын жеп алғаныңыз жөн, әйтпесе асқазанда қыжыл пайда болуы мүмкін.
Сарымсақ. Оның құрамындағы аллицин өт қабы мен асқазан жолдарын тітіркендіріп, асқазанның түйілуіне әкелуі ықтимал.
Салқын, газдалған сусындар. Аш қарынға суық су немесе сусын ішу метаболизмді баяулатады және қан айналымын нашарлатады.