Топурия, Гэтжи, Перейра және Ган UFC Freedom 250 турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Фото: Scott Taetsch/Zuffa LLC
Ақ үй аумағында өтетін UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысатын файтерлер ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Bassport.kz NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Тарихи турнир аясында жеті жекпе-жек өтеді. Оның екеуі чемпиондық мәртебеге ие болмақ. Кештің басты кездесуінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия уақытша чемпион Джастин Гэтжимен кездеседі. Ресми салмақ өлшеу барысында қос спортшы да дивизионның ең жоғарғы шегі саналатын 155 фунтты (70,3 келі) көрсетті.
Ал кештің қосалқы басты жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Перейра мен франциялық Сирил Ган ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белдік үшін октагонға шығады. Салмақ өлшеу кезінде Перейраның салмағы 251 фунтты (113,9 келі), ал Гандікі 248 фунтты (112,5 келі) құрады.
Айта кетейік, UFC Freedom 250 турнирі АҚШ-тағы Ақ үйдің алдындағы алаңда өтеді. Жекпе-жек кеші Қазақстан уақытымен 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні басталады.