Баскетболдан Қазақстан U-14 чемпионатының бірінші туры аяқталды

Баскетболдан Қазақстан U-14 чемпионатының бірінші туры аяқталды
Баскетбол

instagram.com/astanabasket

Қостанайда Қазақстан U-14 чемпионатының бірінші туры аяқталды. Бұл туралы «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

«Астана» академиясының командасы Ақтаулық құрдастары «Каспий» командасын (45:75) жеңді, ал соңғы күні «Атырау Барыстары» клубынан (28:65) жеңілді.

Осылайша, Антон Кириннің командасы жарыстың турнирлік кестесінде атыраулық жасөспірімдерге жол беріп, екінші орынға тұрақтады.

Екінші тур наурыз айында өтеді.