Санжар Тәшкенбай Странджа кубогының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай Странджа кубогының финалына шықты
Бокс

Кіші әлем чемпионаты саналатын Странджа кубогында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Аламанда 51 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде жекпе-жек 3:2 есебімен Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды. 

Енді ол Странджа кубогының алтын жүлдесіне таласады. 

Айта кетейік, бүгін тағы екі боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Кешкі сессияда (Астана уақытымен 21:30-да басталады) Дулат Бекбауов ( 67 келіге дейін) алжирлік Абденассер Бенларибимен қолғап түйістіретін болса, Тұрсынбай Құлахмет (80 келіге дейін) қытайда тұратын қандасмыз Тоқтарбек Таңатханмен финалға шығу үшін күш сынасады.

Құлахмет – Азия чемпионатының (2019), Ислам ынтымақтастығы ойындарының (2017) және жастар арасындағы Азия чемпионатының (2013) жеңімпазы.