Қатарынан оныншы жеңіліс: «Барыс» «Спартакқа» есе жіберді
"Барыс" ХК
Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Мәскеудің «Спартак» клубын қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ойын алдында елорда клубы Шығыс конференциясында соңғы орында тұрса, ресейлік ұжым Батыс конференциясында төртінші сатыда болды.
Олег Болякин айдынңа мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) — Скленичка-Ножье, Оберг-ЛаБейт-Камара; Хенкель-Бекетаев, Старченко-Апальков-Рымарев; Гайтамиров-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Әсетов; Оспанов-Данияр, Шайхмедденов-Борисевич-Қайыржан.
Алғашқы кезеңде Эдди Паскуале қорғаған қақпаға екі бірдей шайба соғылды. Екінші кезеңде қонақтар тағы бір шайба соғып, сонан соң Кирилл Савицкий есепті қысқартты. Соңғы кезеңде «Спартак» төртінші голды салды – 4:1, қазақстандықтар осымен оныншы матч қатарынан ұтылды.
13 ақпанда «Барыс» сырт айдында Владивостоктің «Адмиралымен» кездеседі.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Спартак» (Мәскеу, Ресей) 1:4 (0:2, 1:1, 0:1)
Шайбалар:
0:1 — 08:39 Пашин (Орлов, Филин)
0:2 — 14:32 Цыплаков (Голдобин, Морозов)
0:3 — 22:29 Галимов (Чайковски, Цыплаков)
1:3 — 25:23 Савицкий (Апальков, Старченко)
1:4 — 45:15 Голдобин (Морозов, Порядин)
Қақпашылар: Паскуале 00:00-22:29, Шутов 22:29-60:00 — Кареев