Роналду 2023 жылы қанша табыс тапты

Роналду 2023 жылы қанша табыс тапты
Футбол

Turkmenportal

Sportico журналы 2023 жылғы ең табысты спортшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл тізімнің кқш басында «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Былтыр португалиялық 275 млн доллар табыс тапты (жалақы мен демеушілерден түскен бонустар). Екінші орынға гольфші Джон Рам жайғасқан – 230 млн доллар. Алғашқы үштікті 130 млн доллармен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси түйіндеген.

Ең табысы жоғары спортшылар бестігі:

Криштиану Роналду – 275 млн доллар (футболдан 215 және демеушілер есебінен 60 млн доллар)

Джон Рам (гольф) – 203 (181+22)

Лионель Месси – 130 (65+65)

Леброн Джеймс – 125,7 (45,7+80)

Килиан Мбаппе – 125 (100+25).