"Странджа" кубогы: екі қазақ боксшысы жарысты аяқтады

Бокс
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан бокстан дәстүрлі "Странджа" кубогінде екі қазақ боксшысы жеңіліп қалды, деп жазады Bassport.kz.
54 келідегі Дәулет Молдашев төрешілердің бірауыз шешімімен франциялық Біләл Беннамеге жол берді.
Беннаме Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.
57 келідегі Оразбек Асылқұлов болса моңғолиялық боксшыға есе жіберді.