Артур Бетербиев Баходир Жалоловпен кездесті

Артур Бетербиев Баходир Жалоловпен кездесті
Бокс

Әлеуметтік желі

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) жұлдызы жанып келе жатқан өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Жалоловқа (15-0, 14 KO) ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Екі боксшы Дубайда (БАӘ) кездесіп қалған. Осы сәтті пайдаланып, Бетербиев Instagram желісіндегі сторисінде Жалоловпен түскен суретін жариялап, оған:

«Кәсіпқой бокста да осындай табысты мансап тілеймін, Баходир», — деп жазды.

Айта кетейік, Жалолов бұған дейін өз парақшасында осы кездесуден ортақ суретті бөліскен болатын. Сол жерде белгілі қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те болған.

Еске салсақ, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 KO) ұпай санымен жеңіп, кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл кездесу 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде өткен еді.

Ал Артур Бетербиев соңғы жекпе-жегін ақпанда отандасы Дмитрий Биволға (24-1, 12 KO) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.