Әлем кубогы: Никита Чирюкин – күміс жүлдегер
Спорттық ату
Спорт комитеті
Египет астанасы Каирде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында сынға түскен Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Спорт комитетіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
1-орын – Жонг-Хо Сонг — 37 ұпай
2-орын – Никита Чирюкин — 31 ұпай
3-орын – Флориан Петер — 27 ұпай
21 жастағы отандасымыздың бұл Әлем кубогындағы үшінші жүлдесі.
1 алтын, 1 күміс - 2023 жыл.
1 күміс - 2024 жыл.
Талантты сұрмергеніміз былтыр жасөспірімдер арасында әлем чемпионы да атанған.
Әзірге Қазақстан құрамасы1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен жалпы есепте 4-орында тұр.