«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейде «Ладамен» (Тольятти) кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Кездесу барысында ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Николай Демидов 17-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін екі команданың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен екінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. 

Үшінші кезеңде «Лада» сапынан Остап Сафин 53-минутта мергендігімен көзге түсті. 

Осылайша елордалық клуб қарсыласына жол берді - 2:0. Астаналықтар қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.

Енді «Барыс» алдағы алты ойынын елордада өткізеді. Алдымен 28 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 31 қаңтарда «Авангард» (Омбы), 4 және 6 ақпанда «Амур» (Благовещенск), 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен кездеседі.