Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан ерлер құрамасы эстафетада бақ сынады

Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан ерлер құрамасы эстафетада бақ сынады
Биатлон

Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогі кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп жазады Bassport.kz. Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.

7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты.

Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойған.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.