20 жастағы футболшы әлемдегі ең қымбат ойыншы атанды

20 жастағы футболшы әлемдегі ең қымбат ойыншы атанды
Футбол

Sportbox

«Реал Мадридтің» англиялық жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Футболдағы халықаралық спорттық зерттеулер орталығының (CIES Football Observatory) нұсқасы бойынша ең қымбат футболшылардың көшін бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дереккөзге сәйкес, «корольдік» клубтың 20 жастағы футболшысының құны – 267,5 млн еуро. Екінші орында «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд тұр. Норвегиялықтың құны 251,2 млн еуроға тең, алғашқы үштікті «Реалдың» тағы бір өкілі Винисиус Джуниор (250,3 млн еуро) түйіндеді.

Төртінші орынды Мадрид ойыншысы Родриго Гоэс иеленсе (247,9 млн еуро), ең қымбат футболшылардың бестігін «Арсенал» ойыншысы Букайо Сака (223 млн еуро) қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, Беллингемді былтыр жазда дортмундтық «Боруссия» «Реалға» 103 миллион еуроға сатты. Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде «Реал» сапында 22 матч өткізіп, 17 гол соқты және бес нәтижелі пас берді.

Мадрид клубымен ойыншының келісімшарты 2029 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Transfermarkt интернет-порталының мәліметтері бойынша футболшының болжамды құны — 180 млн еуро.