Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарыстың ширек финалына өтті

Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарыстың ширек финалына өтті
Теннис

Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінде Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп жазады Bassport.kz.

Турнирдің 1/8 айналымында Рыбакина бельгиялық Элизе Мертенспен кездескен болатын. 

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Оның келесі қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Брисбендегі халықаралық турнир жыл сайын қаңтар айының алғашқы күндері өткізіледі.