Мбаппе "Реалға" ауысуға қатысты шешім қабылдады

Мбаппе
Футбол

Gettyimages.ru

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Мадридтің "Реалына" ауыспайтын болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тілші Хосе Вильярройи мәліметінше, Франция шабуылшысы париждік клубтан кетуге ниетті емес. Биылғы маусымда Мбаппе Париж клубының сапында 22 матч өткізіп, 21 гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Ойыншының "Пари Сен-Жерменмен" қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды және оны тағы бір жылға созу мәселесі қарастырылған.

Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтағы құны 180 млн еуроны құрайды.