"Барыс" көшбасшымен кездесу алдында ойыншысынан айырылды

Хоккей

"Барыс" ХК

Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында Омбының "Аванградымен" кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осы ойын алдында елордалық клубқа Всеволод Логвин көмектесе алмауы мүмкін. Себебі ойыншы ауырып қалды деген сыбыс бар. 19 жастағы шабуылшы - "Барыс" тәрбиеленушісі.

Биылғы маусымда Логвин 22 матч өткізіп, екі шайба соқты. "Барыс" - "Авангард" матчы бүгін, 28 желтоқсан күні, сағат 19:30-да басталады.

"Барыс" 43 ойыннан кейін 33 ұпаймен чемпионатта соңғы орында келеді. Ал "Авангард" Шығыс конференциясында 59 ұпаймен екінші орында тұр.