«Тобыл» Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысын сапына қосты

«Тобыл» Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысын сапына қосты
Футбол

"Тобыл" ФК

Нұрғайни Бөрібаев «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы маусымаралық кезеңде қостанайлықтардың құрамын толықтырды.

Нұрғайни мансабын 2018 жылы Екінші лигада «Астана Ж» сапында бастады. 2020 жылы «Оңтүстік академиясы» клубының қосалқы құрамында ойнады.

2021 жылдың басында ол «Тұранға» ауысты. Сол жылдың 19 сәуірінде «Каспий» клубына қарсы ойында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады. 2022 жылғы маусымда «Оқжетпеспен» келісімшартқа қол қойды.

Бөрібаев Қазақстан жастар құрамасы сапында 6 матчта алаңға шықты. 21 жастағы футболшының Қостанай клубымен келісімі 3 жылға есептелген.

Туған күні: 20 тамыз 2002

Бойы: 177 см

Салмағы: 69 келі

Позициясы: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Қазақстан