Юрген Клопп Германия ұлттық құрамасының бас бапкері болды
Футбол
Getty Images
«Боруссия» Дортмунд және «Ливерпульдің» аңызы атанған Клопп үлкен футболға оралып, «Бундестиммен» 2030 жылға дейін ұзақмерзімді келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Әлем чемпионатында Парагвайдан жеңіліп, дағдарысқа ұшыраған неміс машинасын құтқару міндеті енді Клоппқа жүктеледі.
Юрген Клопптың көмекшілері ретінде оның «Ливерпуль» клубындағы сенімді әріптестері Питер Кравиц пен Пепейн Лейндерс тағайындалды. Сонымен қатар бұрынғы футболшысы Свен Бендер де көмекші ретінде бекітілді.