«Астананың» Конференция лигасындағы орны белгілі болды

«Астананың» Конференция лигасындағы орны белгілі болды
Футбол

"Астана" ФК

«Астананың» Конференция лигасындағы нақты орны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Елорда клубы С тобының қорытынды матчтында сырт алаңда Чехияның «Виктория» (Пльзень) клубына жол берді – 3:0.

Ал Загребтің «Динамосы» дәл осындай есеппен Косовоның «Балкани» клубын ұтты. Осылайша «Астана» төрт ұпаймен өз тобында үшінші орынға тұрақтады. Төртінші орын алған «Балкани» еншісінде де төрт ұпай бар.

«Виктория» 100 пайыздық нәтиже (18 ұпайдан 18 ұпай еншіледі) көрсетіп, өз тобында көш бастады. Екінші орынға 9 ұпайы бар «Динамо» жайғасты.