Әлем чемпионаты: Қазақстан жастары екінші жеңісіне қол жеткізді

Әлем чемпионаты: Қазақстан жастары екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Даниямен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сергей Старыгин айдынға мына құрамды шығарды: Никитин — Бреус-Хан, Оспанов-Логвин-Ермак; Оразов-Авдеенко, Ким-Бейсембаев-Нұркенов; Шақшақбаев-Решетько, Симонов-Смольянинов-Ляпунов; Шипилин-Русланұлы, Ситников-Мигунов-Гросс.

Бірінші кезең даниялықтардың басымдығымен аяқталды, екінші таймда есеп өзгерген жоқ. үшінші кезеңде Бейбарыс Оразов есепті теңестіргенімен, қарсыластар тағы да алға шықты. Бұған біздің жігіттерден Кирилл Ляпунов пен Руслан Оспанов бір-бір голмен жауап қатты — 3:2 (0:1, 0:0, 3:1).

Бұған дейін Қазақстан Венгриядан 5:2 есебімен басым түскен. Енді 13 желтоқсан күні құрамамыз Франция жастарымен кездеседі.