Әлем чемпионатында жүлде алған отандық фристайлшылардың нәтижесі құлдырап кетті
Қысқы спорт
Швецияның Идре қаласында фристайл могулдан әлем кубогі кезеңі өтуде, деп жазады Bassport.kz.
Әйелдер арасындағы сында Анастасия Городко мен Аяулым Әміренова финалға шыққанымен, суперфиналға өте алмады.
Городко 9-орын алса, Әміренова 15-сатыдан көрінді.
Ал ерлеріміз іріктеуден өте алмады. Павел Колмаков 32, Антон Бондарев 41-орынға тұрақтаған.
Команда үздігі Юля Галышева жарақатына байланысты биылғы маусымдағы санаулы турнирлерге ғана қатысады.