Астанаға Олимпиада чемпионы келеді

Астанаға Олимпиада чемпионы келеді

2024 жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 


Алтын деңгейлі тур әлемнің 7 қаласында өтеді. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпан күні Мадридте анықталады. Астанадағы турнирде үздік деп танылған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы және Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Айта кетелік, аталған халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатысады. Ол осы жылдың қыркүйек айында «Гауһар лигасы» финалында өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты. Швециялық жеңіл атлет 6,23 м биіктікті бағындырды. 24 жастағы Арманд Дуплантис Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, «Гаухар лигасының» 3 дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ швед спортшысы әлем рекордын 12 рет жаңартқан.