Джуд Беллингем өзіне ерекше ықпал еткен футболшыны атады

«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем бала кезінен еліктеп өскен футболшысының кім екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ерекше әсер еткен футболшы ретінде мен Уэйн Руниді атар едім. Оның ойын мәнеріне, соңғы сәтке дейін күресе білетін қабілетіне тәнті болушы едім. Одан бөлек футболшылардан да көп нәрсе үйрендім, - деді Беллингем Goal-ға берген сұхбатында.

Беллингем 2023 жылдың жазынан бастап «Реал Мадридте» өнер көрсетеді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.

Transfermarkt интернет-порталының ақпараты бойынша, футболшының нарықтық құны 150 млн еуроға тең.

Бұл маусымда Беллингем барлық турнирде 17 матчқа қатысып, онда 15 гол соғып, төрт нәтижелі паспен ерекшеленді.