“Тобыл” - Қазақстан кубогының жеңімпазы

“Тобыл” - Қазақстан кубогының жеңімпазы
Футбол

Футболдан Қазақстан кубогының финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Финалда "Тобыл" Шымкенттің "Ордабасы" клубын жеңді. Астанада өткен шешуші сын 1:0 есебімен қостанайлықтардың пайдасына шешілді. 

Жеңіс голын ойынның 67-минутында Ислам Чесноков соқты.

Осылайша "Тобыл" Еуропа лигасының іріктеуіне жолдама алса, ҚПЛ чемпионы атанған "Ордабасы" Чемпиондар лигасына жолдама алған.